Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Казак кызы

Көңілді желсіз шайқаған

Қалайша сенсіз айтам ән

Өзіңмен ұшып жүрмін ғой

Қона алмай жерге қайтадан


Қайырмасы:

Сезімге сонша қайранмын

Жаныңа жіпсіз байландым

Ай менен нұрдан жаралған

Атыңнан сенің айналдым


Мінезің жұмсақ мақпалдай

Күлесің нұрлы ақ таңдай

Жүресің бейне аққу құс

Жай жүзіп бара жатқандай


Қайырмасы.

Жаралдың ба екен шуақтан

Оралдың ба екен жұмақтан

Әжелер шөлін қандырған

Нәр алдың ба екен бұлақтан


Комментировать