Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Іздедім

Сағым боп алды көзімді
Сені іздедім
Бағым боп алдын шығар деп
Үміт үзбедім


Ойымнан күттім жанылып
Ойладым сені сағынып
Тағдырға төздім бағынып
Келмедін, келмедін, келмедін сәулем не қылып?
Ойымнан күттім жанылып
Ойладым сені сағынып
Тағдырға төздім бағынып
Келмедін, келмедін, келмедін сәулем не қылып?


Алданып аңқау жүрегім тулаған екен
Анашың сені мен үшін тумаған екен
Моншағын мұңның тағынып
Көргенше көзім сағынып
Кетсін деп жүрек жарылып
Іздедім, іздедім, іздедім сені сабылып
Моншағын мұңның тағынып
Көргенше көзім сағынып
Кетсін деп жүрек жарылып
Іздедім, іздедім, іздедім сені сабылып


Қызыл шоқ көйлек бойында жарасып балғын
Таптымба деген кезімде адасып қалдым
Қасыңмен көзің қиылып
Қасына достар жиылып
Жаныңа сәуле құйылып
Алдымда, алдымда бақытым тұрсын иіліп
Қасыңмен көзің қиылып
Қасына достар жиылып
Жаныңа сәуле құйылып
Алдымда, алдымда бақытым тұрсын иіліп
бақытым тұрсын иіліп


Комментировать