Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Махаббат бер маған

Жан жүдеу, жабырқау — мұңайдым,
Айға ұқсап аспандағы,
Сен мені биіктет сұраймын.
Тағдырдың баспалдағы.

Махаббат бер маған тағдыр
Махаббат бер маған
Махаббат бер маған тағдыр
Жүректі қозғаған.
Жанымды жалынға орап,үзілмей маздаған.

Махаббат бер маған тағдыр
Махаббат бер маған
Ешқашан, ешкімде,еш кез болмаған.

Бұл өмір арманнан тұрады
Қол жетпес асқақ бәрі
Шың-құздан сан мәрте құладым
Сан мәрте асқақтадым

Өшпейді үміттің шырағы,
Қиыннан жасқанбадым.
Қай жерде бақыттың тұрағы?
Самғайды қасқалдағың!..

Махаббат бер маған тағдыр
Махаббат бер маған
Махаббат бер маған тағдыр
Жүректі қозғаған.
Жанымды жалынға орап,үзілмей маздаған.

Махаббат бер маған тағдыр
Махаббат бер маған
Ешқашан, ешкімде,еш кез болмаған.


Комментировать