Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Бағындың ба сен?

Түн келіп басқанда күндізімізді,
Екеуіміз бір жарық шаша алмадық.
Шын сүйдік жүректен бір-бірімізді,
Амал не тағдырдан аса алмадық.
Жас тамды көзімнен есіме түссе
Үмітім үзілді күн өткен сайын,
Ешкімді ешкімге қоспайды күшпен.
Түсінсе көңілмен сезімнің жайын

Жазғанына тағдырдың амалсыз бағындын ба сен?
Көздеріңнен жас тамып амалсыз сағындын ба сен?
Сағындын ба сен?
Жазғанына тағдырдың амалсыз бағындын ба сен?
Көздеріңнен жас тамып амалсыз сағындын ба сен?
Сағындын ба сен?

Бар менде бір жүрек сүйгені біреу
Қалайша өзгені сүйіп ұнатсын,
Болар ма деп едім сүйгені тіреу
Қамалдым ішінде күйік сұрақ
Дәл мендей өзіңді ешкім сүймеген.
Сүймедін деп мені кінәламағын
Жыласан түсуші мұңлы күйге мен
Расында ұнайтын жыламағаның

Тағдырыңды кінәлап, қамығып, жылап жүрсін бе
Басқалардан сен мені сағынып сұрап жүрсін бе?
Сұрап жүрсін бе?
Тағдыріңді кінәлап, қамығып, жылап жүрсін бе
Басқалардан сен мені сағынып сұрап жүрсін бе?
Сұрап жүрсін бе?
Тағдырыңды кінәлап, қамығып, жылап жүрсін бе
Басқалардан сен мені сағынып, сұрап жүрсін бе?
Сұрап жүрсін бе?
Жазғанына тағдырдың амалсыз бағындын ба сен?
Көздеріңнен жас тамып амалсыз сағындын ба сен?
Сағындын ба сен?


Комментировать