Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қазақ өнері

Қазақтың даласында
Қол бұлғайды әр төбе,
Біздер үшін мәртебе,
Жүру елдің арасында.

Жетем деп дара шыңға,
Ұнамай да, ұнап та
Түстік талай сынаққа,
Өмірдің де мәні осында, мүмкін.
Қ-сы
Шексіз менің ғажап өнерім
Шексіз сүйем қазақ өнерін,
Әсем әнін, қызыл өлеңін.
Сондықтан да жаза беремін.

Тасиды жігерім де,
Өргеуден де от қызып,
Бір мен үшін жоқ қызық
Ұлы өнерсіз бұл өмірде.

Халқымның тілегінде,
Таусылмайтын зор шабыт
Сол өнермен жол салып,
Қалсақ деймін, жүрегінде шіркін...
Қ-сы
Шексіз менің ғажап өнерім
Шексіз сүйем қазақ өнерін,
Әсем әнін, қызыл өлеңін.
Сондықтан да жаза беремін.


Комментировать