Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Ақтаудың түні

Ақтауда қара түн күлген
Құпия сырын кім білген
Теңізге қарап тербеліп
Жағада жалғыз жүрмін мен

Түнегі ғажап неткен бұл
Аспаннан сәуле төккен нұр
Сағындым қалқам күтіп
Қарашығындай мөп мөлдір

қайырмасы:
Ақтаудың түні жарық түн
Жаныма жайлы мамық түн
Толқынға қарап тулаған
Сені ойлап жаным жабықтым

Ақтаудың түні балдай түн
Арманымда алға жалғайтын
Сиқырлы судың сылдыры
Сезімді ұрлап арбайтын

Ақтаудың түні тұңық түн
Каспийге қарап сыр ұқтым
Қамығып жүрмін сені іздеп
Қайдасың менің қылықтым

Ақтаудың түні дара түн
Жұлдыздар көктен таматын
Жетермін ұшып аяулым
Сүйер құстай қанатын

қайырмасы:
Ақтаудың түні жарық түн
Жаныма жайлы мамық түн
Толқынға қарап тулаған
Сені ойлап жаным жабықтым

Ақтаудың түні балдай түн
Арманымда алға жалғайтын
Сиқырлы судың сылдыры
Сезімді ұрлап арбайтын


Комментировать