Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қырманға кел қалқатай (ft. Роза Рымбаева)

Күн сүйеді бетімді, қыз сүймеген
Ту қададым тың жерге қол тимеген
Бұлаңдамай алыстан, қырманға кел
Кім бар екен еңбекке бас имеген

А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып

Бермей-ақ қой орамал кестелеген
Бірге жүрші бидайға дестеленген
Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ
Біз болар ек сендейді ескермеген

А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып


Комментировать