Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Мен сіздерді жақсы көрем адамдар

Мынау өмір өтпестей болып сезілер
Бірақ әркім бір жұлдызын көз ілер
Сіздер айтқан ауыр-ауыр сөздерден
Менің жаным жапырақтай езілер

Айтылған сөздер жабыққан кездер
Бала көңіл тағдырыма алаңдар
Барлығы бекер бұл жалған өтер
Мен сіздерді жақсы көрем адамдар

Тағдыр ғой бұл қаша алмаспыз біз тағдырдан
Бір арманым қол бұлғайды алдымнан
Өнер деген жұбанышы жанымның
Ал басқасын тәңіріме қалдырғам

Айтылған сөздер жабыққан кездер
Бала көңіл тағдырыма алаңдар
Барлығы бекер бұл жалған өтер
Мен сіздерді жақсы көрем адамдар

Қалдыратын көңілімді күз беткен
Қайда мейір өзгелерден біз күткен
Жүрегімді аяңдаршы адамдар
Әлі кірлеп үлгермеген тірліктер

Айтылған сөздер

Айтылған сөздер жабыққан кездер
Бала көңіл тағдырыма алаңдар
Барлығы бекер бұл жалған өтер
Мен сіздерді жақсы көрем адамдар

Барлығы бекер бұл жалған өтер
Мен сіздерді жақсы көрем адамдар


Комментировать