Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Бәрі рас

Жігіт едім машынғаннан жаным мас
Тегі маған тегін бақыт дарымас.
Рас саған қатты жыным келіп жүр,
Бірақ қатты сүйетінім тағы рас.
Жаңылсамда жалғандыққа жаным қас
Ару ме едің өз бақытыма табылмас
Рас мүлде сені көргім келмейді,
Ал түсімде көретінім тағы рас.
Жанарыңнан кеппей тұрып әлі жас,
Бұл жырымның мазмұны мен мәнін аш.
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.
Рас, рас, рас
Мең-зең болып әрі жүрек, әрі бас,
Сүйген пенде сүйіктіге жарымас.
Рас сені ойлағымда келмейді,
Бірақ кеше сағынғаным тағы рас.
Арманыңа жетер жолда арып аш,
Жеткен адам нақақ жылап, налымас.
Саған бола қия алмаймын жанымды,
Сенсіз өмір сүре алмаймын тағы рас.
Жанарыңнан кеппей тұрып әлі жас,
Бұл жырымның мазмұны мен мәнін аш.
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.
Жанарыңнан кеппей тұрып әлі жас,
Бұл жырымның мазмұны мен мәнін аш.
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.
Рас рас рас
Жанарыңнан кеппей тұрып әлі жас,
Бұл жырымның мазмұны мен мәнін аш.
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.
Жанарыңнан кеппей тұрып әлі жас,
Бұл жырымның мазмұны мен мәнін аш.
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.
Жанарыңнан кеппей тұрып әлі жас,
Бұл жырымның мазмұны мен мәнін аш.
Бәрі өтірік әр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бәрі рас.
Рас рас рас


Комментировать