Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Аспанның Жарлығы

Жаныңда болмағасын
Алаңдап қатты менің басым.
Күндер өтер, бәрі бітер,
Қалай сені көздерім көрмей кетеді?
Көрейін соңғы рет шыққанша соңғы дем,
Айтпайын ол жаққа «жүрегім тоңды» деп.
Аспанның жарлығы ішіңді жандырды,
Аспанның көздері ізіңді аңдыды.

Қайырмасы:
Өзіңді жасырма, езіліп жасыңа,
Өтетін ғасырда ойымды асырма, оу, басыңнан.
О-о-ой-ой, басыңнан.

«Бәрін ұмытамын» деген сайын ойлайсың
«Ұмыту мүмкін бе бір күнде?», жоқ, ұмыта алмайсың.
Айлар алмасып, жылдар жалғасарына кім кепіл,
Бүгін келдің, ертең кеттің.
Есің бар, есіңді жина ертерек,
Жылап қалатыны бар пенделердің жүргенде еркелеп.
Ал мен жүрмеймін қасыңда қолыңнан жетелеп, (жоқ!)
Жалғыз келдің, жалғыз кете бер.
Арада – көрінбейтін кедергі бөліп тұрған,
Бәлкім, болдық бұл тағдырдың бір сынағында құрбан.
Тоғыспаған тағдырлар, қоспаған жолдарым,
Қайтеміз, ештеңе келмеді қолдан.

Қайырмасы:
Өзіңді жасырма, езіліп жасыңа,
Өтетін ғасырда ойымды асырма, оу, басыңнан.
О-о-ой-ой, басыңнан.

Жаныңда болмағасын...
Алаңдап қатты менің басым...
Күндер өтер, бәрі бітер...


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать