Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Көңіл Бөл

Миымда бәрі тұр (бәрі тұр),
Менен ары тұр, жанып тұрм – өртейм.
Жүрегім әзірге бос болмай тұр,
Бұл махаббат дос болмайтын.
(Мен басқаша ойлайм!)
Ал сен ойладың қалай (қалай),
Көзқарасың бұған қалай қарайды?
Бәрі өтсе де, өткенді арқалайды
Әркім әрқалай, ары қарай.

Қайырмасы:
Төменге құлап-құлап,
Қалды ма жаның жылап?
Бола ма сөз беруге,
Сөзге еруге, өзгеруге-ей?
Есіңде болам, болам,
Кетсең де мәңгі жырақ.
Көңіл бөл өзгелерге:
Сөздеріне, көздеріне,
Көңіл бөл бәріне.

Жаңбырлы күн, жасың секілді сенің,
Тоқтап жауатын мезгілсіз келген ауа-райы.
Бақыт келіп маңдайыңнан сүйер дедің
Бөтен бағыттан, арманыңның, хых, ауырын-ай.
Сен күн секілдісің сағымда дірілдейтін,
Салқын келгенде бұлтты аспан ұзақ көрінбейсің.
Сенің күлкің, бәлкім, көктемнен сұлу,
Қадірі мен сияқтыларға білінбейтін.
Телефон түніменен тынбайтын,
Арада сағыныш бар сынбайтын.
Екі дене, шамалы шыдай тұр,
Алда өлім емес, алда – Құдай тұр.
Төзе алмасаң, жылай тұр,
Жылай бер, қалаған өмірің болмай тұр.
Сұрай бер, естіп, берер, сұрай тұр,
Сен сұраған бақыт (бәрібір мәңгі...) бәрібір мәңгі болмайтын.
(бәрібір мәңгі болмайтын...)

Қайырмасы:
(Төменге) Төменге құлап-құлап,
Қалды ма жаның жылап?
Бола ма сөз беруге,
Сөзге еруге, өзгеруге-ей?
Есіңде болам, болам,
Кетсең де мәңгі жырақ.
Көңіл бөл өзгелерге:
Сөздеріне, көздеріне,
Көңіл бөл бәріне.

Менің жүрегімде үйің бар,
Кел, қонып кет, есіңді жиып ал.
Үзілмеген үміт бар баяғыдан бір өзіңе,
Оны қиып алып кет.
Жылдар жанарыңды жасырып тастап менен,
Білмейм, асығып келем мұздап денем.
Арманым аспанға кетіп қалды,
Ал мен күтіп қалдым, тірелді мұзға кемем...
Тірелді мұзға кемем


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать