Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Ай-хай, 25

Сұлулардың сөз салдым нешеуіне
Математик жете алмас есебіне
Жартаңдаған жиырма бес
Жалған тартып қиялды жайдақ мініп
Мен де келдім жиырманың бесеуіне
Талтаңдаған жиырма бес

Түн ұйқысын
Төрт бөлетін
Жанып-күйіп өртенетін ой пәлі-ай
Сағым құған жиырма бес

От болатын
Шоқ болатын
Бар болатын, жоқ болатын ой пәлі-ай
Сағындырған жиырма бес

Мен де келдім жиырманың бесеуіне
Бес жастағы ұл едім кешегіде
Кіріп келді-ай жиырма бес
Бұған дейін балалық шалалықпен
Ауылдың да қалғанбыз өсегіне
Үміт берді-ай жиырма бес

Түн ұйқысын
Төрт бөлетін
Жанып-күйіп өртенетін ой пәлі-ай
Сағым құған жиырма бес

От болатын
Шоқ болатын
Бар болатын, жоқ болатын ой пәлі-ай
Сағындырған жиырма бес

Мен де келдім елудің жартысына-ай
Отыз бес-ақ жыл қалды алпысыма
Лапылдаған жиырма бес
Бойда құат, кеудемде намыс барда-ай
Айтысыңа дайынмын, тартысыңа
Батыл қадам жиырма бес

Түн ұйқысын
Төрт бөлетін
Жанып-күйіп өртенетін ой пәлі-ай
Сағым құған жиырма бес

От болатын
Шоқ болатын
Бар болатын, жоқ болатын ой пәлі-ай
Сағындырған жиырма бес

Күнде ойын
Күнде думан
Сұлу іздеп арман қуған ой пәлі-ай
Сылқым сері жиырма бес

От болатын
Шоқ болатын
Бар болатын, жоқ болатын ой пәлі-ай
Сағындырған жиырма бес


Комментировать