Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Басқа жыл (ft. Қайнар Қатпай)

Ертең жұрт басқа жылды қарсы алады
Тамашалап күй тартып əн салады
Би билейді жастардарда кəрілерде
Ұмыт болып,жыл бойы шаршағаны.
Қайырмасы:
Жайылған ақ дастархан ақ көңілдер,
Əжелер,балалар шат келіңдер.
Бəріңе айтатын бір ақ тілек,
Бəрің де бақ көріңдер,бақ көріңдер!

Ертең жұрт қарсы алады басқа жылды
Тұман баспай тұрса екен аспанымды.
Ертең мен түні бойы ұйықтамаймын
Ұмытамын сырқатты, басқа мұңды.
Қайырмасы:(2рет)
Жайылған ақ дастархан ақ көңілдер,
Əжелер,балалар шат келіңдер.
Бəріңе айтатын бір ақ тілек,
Бəрің де бақ көріңдер,бақ көріңдер!

Басқа жыл келгенінше жер бетімен
Құшақтап дүниені тербетілемін.
Ертең мен барлығынан айығамын
Бір сүйем жаңа күн келбетінен.
Қайырмасы:
Жайылған ақ дастархан ақ көңілдер,
Əжелер,балалар шат келіңдер.
Бəріңе айтатын бір ақ тілек,
Бəрің де бақ көріңдер,бақ көріңдер!
Жайылған ақ дастархан ақ көңілдер,
Əжелер,балалар шат келіңдер.
Бəріңе айтатын бір ақ тілек,
Бəрің де бақ көріңдер,бақ көріңдер!
Бəріңе айтатын бір ақ тілек,
Бəрің де бақ көріңдер,бақ көріңдер!


Комментировать