Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Менсінбей жүргенің не?!

Хат жазып ем, бетіме жыртып бердің,
Аржағынан аларып кірпіктердің.
Үміттеніп келдім мен, жаным, сенен,
Жаның ұшып сен менен үркіп келдің.

Жүр деп едім киноға, жоғал дедің,
Сырымды айта бастап ем, доғар дедің.
Жоғалып-ақ кетер ем, сендей қыздан
Орта жолда бас тарту обал дедім.

[Қайырмасы]
Болайық деп айтқанмын бірге, бірге,
Құптамадың ойымды мүлде, мүлде.
Қыдырайық деп жүрсің күнде кімге?
Қол ұстасып көлеңкең бірге жүр ме?

Солып қалды сыйлаған гүлдерім де.
Мына мені менсінбей жүргенің не?
Жолықпайды деймісің сен сияқты,
Гүл сыйласа алмайтын бір керімге?!

Қаншама рет сөзіңе қалдық налып,
Жол сілтейді сен жаққа барлық бағыт.
Сезімімді жатсам да байлап ұстап,
Сені тауып алады қаңғып барып.

Күндер өтіп барады тізбектеліп,
Жұрттар жеткен бақытқа біз жетпедік.
Қадірімді білгенде, қайран, менің,
Ертең өзің жүрерсің іздеп келіп!

[Қайырмасы]
Болайық деп айтқанмын бірге, бірге,
Құптамадың ойымды мүлде, мүлде.
Қыдырайық деп жүрсің күнде кімге?
Қол ұстасып көлеңкең бірге жүр ме?

Солып қалды сыйлаған гүлдерім де.
Мына мені менсінбей жүргенің не?
Жолықпайды деймісің сен сияқты,
Гүл сыйласа алмайтын бір керімге?!


Комментировать