Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Арай қыз

Сендей аруды сүю де бақыт,
Сүйіп қалған соң, түсінген ұлмын.
Көрші жеңгейдің,
Үйінде жатып.
Түнімен менің, түсімде жүрдің!

[Қайырмасы:]
Біздің ауылға, келген Арай қыз,
Болса да сұлу, елде талай қыз.
Басқаларына басты қатырмай,
Тек сен жүретін, жерге қараймыз!

Ізіңді барлық, жігіт баққасын,
Қалмаса екен деп, қалғып үмітім.
Сен түскен үйдің сынық қақпасын,
Көзбен күзетіп қалдым күні-түн.

[Қайырмасы:]
Біздің ауылға, келген Арай қыз,
Болса да сұлу, елде талай қыз.
Басқаларына басты қатырмай,
Тек сен жүретін, жерге қараймыз!


Комментировать