Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Алып ұштың

От көз қарасың
Шыбықтай қозғаласың
Тек өз бағасын
Əзірге білмеген алтынсың
Садақтай қасың
Жебе кірпік жаралы жаның
Төзімді өртеп барады жалын
Күлдіңба аруым
Сыртыңнан жылы ішіңнен мұздай тым салқынсың

Қайырмасы
Алып ұштың жүрегімді алысқа
Тағдыр үшін сағымдардан қалыспа
Жұлдыздардың ұстап көріп жалын
Рахаттанып туласыншы қаным

Сен тауыс құстай
Көркемсің таныс тұста
Кел алыс құшпай
Қаласың қоршаулы бақтарда
Ажарың арбап
Тұтқын етіп алады мені
Айтшы көңілің қалады нені Шырындай тəтті
Бұрылмай əттең кетесің күліп
Таң атқанда

Қайырмасы:
Алып ұштың жүрегімді алысқа
Тағдыр үшін сағымдардан қалыспа
Жұлдыздардың ұстап көріп жалын
Рахаттанып туласыншы қаным


Комментировать