Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Сүйеді екем

Сүйеді екем сүйеді екем сені мен
Артық көріп көктөбенің лебімен
Сен туралы жырлайды екен құс біткен
Махаббатты алып ұшып көгінде
Сенің көзің қарада емес көкте емес
Ол бір ғажап жарқылдаған от елес
Сенсіз жерде жыр туындап кеудемде
Сенсіз жерде қызыл гүлде көкте емес

Қайырмасы
Жеңіл ғана сенің аяқ басқаның
Ұқсамаиды жүрісіне басқаның
Сен жайлап үн шығармаи күлгенің
Ұқсамаиды күлкісіне басқаның

Сен өзіңсің сен сезімсің мендегі
Жібіретін күмбірлетіп кеудені
Домбыраның құлақ күйін келтеріп
Шертпегенім тартпағаным жөнбеді
Көпшілікте жетер жолда аз ғапты
Баяғыдай құлпыртыпты жаз бақты
Үнсіз ғана қоштасып едік екеуміз
Үнсіз ғана табысуға жазбапты

Қайырмасы
Жеңіл ғана сенің аяқ басқаның
Ұқсамаиды жүрісіне басқаның
Сен жайлап үн шығармаи күлгенің
Ұқсамаиды күлкісіне басқаның


Комментировать