Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Бәрі де сен үшін

1.Мөлдір қара қарақаттай,
Сенің көзің қап-қара оу қап-қара.
Қол тимеген құлын бейнең,
Құлпырады пәк қана оу пәк қана.

Қ-сы
Жас жүрегің қандай,
Қос жанарым талмай.
Сенде бақыт бардай,
Саған қарадым, саған қарадым.
Айдан тұрсың аумай,
От жүрегім лаулай.
Бақытыма таудай,
Сені баладым,Сені баладым.
Бақытсың мен үшін,
Менің бар жеңісім.
О, ғажап сұлулық,
Бәрі де сен үшін, Бәрі де сен үшін.

2. Саған дейін, сендей сұлу,
Жердің бетін баспаған, оу баспаған.
Мінсіз сұлу ай көркіңе.
Қарауға да жасқанам, оу жасқанам.

Қ-сы
Жас жүрегің қандай,
Қос жанарым талмай.
Сенде бақыт бардай,
Саған қарадым, саған қарадым.
Айдан тұрсың аумай,
От жүрегім лаулай.
Бақытыма таудай,
Сені баладым,Сені баладым.
Бақытсың мен үшін,
Менің бар жеңісім.
О, ғажап сұлулық,
Бәрі де сен үшін, Бәрі де сен үшін.


Тексты песен

Комментировать