Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Кездесу мен қоштасу

Қол ұстасып шарлаған бақтар қайда?
Сезім сырын арнаған хаттар қайда?
Махаббаты таңдаған шақтар қайда?
Естеліктер еске түссе сағындырмайды ма?

Қайырмасы:
Кейде менің түсесің сен есіме,
Сенде ала ма екенсің мені есіңе.
Есіңе алып сол баққа келесің бе,
Келесің бе? Келесің бе?
Бірге жүріп бақыттың белесінде,
Жолықсақ та махаббат кемесінде.
Кездесумен басталған сезіміміз,
Қоштасумен жалғасты сенесің бе?

II. Жүрегімде қалатын сөздер қайда?
Сол сөздерге жанатын көздер қайда?
Еркелетіп алатын кездер қайда?
Теңеп күнге, теңеп айға, жүрген адам қайда?

Қайырмасы:
Кейде менің түсесің сен есіме,
Сенде ала ма екенсің мені есіңе.
Есіңе алып сол баққа келесің бе,
Келесің бе? Келесің бе?
Бірге жүріп бақыттың белесінде,
Жолықсақ та махаббат кемесінде.
Кездесумен басталған сезіміміз,
Қоштасумен жалғасты сенесің бе?


Комментировать