Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қарындасым

Қарағым айналайын қарындасым,
Төгілген иығыңнан қолаң шашың.
Жайқалып қырда өскен қызғалдақтай,
Құлпырып он сегізге ай келді ау жасың.

[Қайырмасы]
Көзіндей жас ботаның жайраңдаған,
Көзіңнен күлімдеген айналды ағаң.
Аршыған жұмыртқадай əппақ көркің,
Өзіңдей қарындасты ау қайдан табам?

Биязы мінезіңе қайран қалам,
Жет қалқам мақсатыңа армандаған.
Күніңе сенің туған тарту етіп,
Жыр жазды шын жүректен сенің ағаң.

[Қайырмасы]
Көзіндей жас ботаның жайраңдаған,
Көзіңнен күлімдеген айналды ағаң.
Аршыған жұмыртқадай əппақ көркің,
Өзіңдей қарындасты ау қайдан табам?


Комментировать