Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Күнім-ай (жаңа нұсқа)

Күнім менің қара түнді тілімдедің
Шуақты нұрым менің мына жалғанда
Күнім менің сарқылмайтын жырым менің
Мөп-мөлдір сырым менің бастар арманға.

Қайырмасы:
Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай
Күнім ай шуағыңмен қайта түледім ай
Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып
Күнім ай күнім ай.

Күнім менің сенең нәр алып
Гүлім менің қуанып күлімдедім
Жайнап бағымда
Күнім менің аласармас шыңым менің
Сен барда түңілмедім сеніп сағымға

Қайырмасы:
Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай
Күнім ай шуағыңмен қайта түледім ай
Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып
Күнім ай күнім ай


Комментировать