Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Арманым-ай

Ұмыта алмадым,
Жүрегімді сенсіз қалай жылытам жаным.
Үміт арманым,
Сездірмедің жанарыңның мұңы тамғанын.
Сағындырғаным,
Сезімімді өртеп менің жалын қылғаның
Таңымды ұрладың,
Көзімді ілмей өткен талай халім бұл жаным.

Қайырмасы:
Қымбатсың неге
Жұмбақсың неге
Қолым жетпес биік шыңдардардан
Тіл қаттың неге.
Көркемсің неге
Еркемсің неге
Ерекше жаралған сен еліктей
Жүректі қоймадың-ау ерітпей, арманым-ай.

Аңсарым менің,
Ойлауменен өзіңді өтті қанша күндерім
Сен сағым ба едің,
Оралмастай кетті қайда бал жырым менің
Шуағым менің,
Басылмайды-ау көрмей сені құмарым менің
Шырағым менің,
Тек өзіме бақыт сыйлар сыңарым дедім.

Қайырмасы:
Қымбатсың неге
Жұмбақсың неге
Қолым жетпес биік шыңдардардан
Тіл қаттың неге.
Көркемсің неге
Еркемсің неге
Ерекше жаралған сен еліктей
Жүректі қоймадың-ау ерітпей, арманым-ай.


Комментировать