Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Әдемі

\"ӘДЕМI\"

Күн сәулесi төгiгенi, әдемi
Кемпiрқосақ келгенi, әдемi
Көк шалғында асыр салып, жүргенде
Көк көбелек көрiнедi әдемi
Жас шыбықтың гүлi ашқаны, әдемi
Алма ағаштың гүл ашқаны әдемi
Қариялар жол үстiнде, кездесiп
Амандықты сұрасқаны әдемi

Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемi
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемi
Ақ боз атын ертiп мiнiп атамның
Қойды өрiске айдағаны, әдемi

Ақ ботаның үлкен көзi, әдемi
Әжемiздiң күлген көзi, әдемi
Бәрiненде жасқа толған бөпемнiң
Тәй-тәй басып жүрген кезi әдемi
Домбыраны баппен тартсаң, әдемi
Шарықтата әнге салсаң, әдемi
Ұлан асыр думанды той үстiнде
Құрбылармен ойнап күлген әдемi

Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемi
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемi
Ақ боз атын ертiп мiнiп атамның
Қойды өрiске айдағаны, әдемi

Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемi
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемi
Ақ боз атын ертiп мiнiп атамның
Қойды өрiске айдағаны, әдемi


Комментировать