Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Әлди-әлди ақ еркем

Әлди-Әлди
Тәй-тәй басып бөпешім, жүргенің қандай,
Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай.
Аспандағы ай күнді, аламын дейсің,
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің.

Қайырмасы:
Әлди-Әлди Ақ бөпем,
Сендей сәби жоқ көкем,
Анам Әкем дейсің бе, тілің тәтті екен.
Әлди-Әлди Ақ еркем,
Бой жетерсің сен ертең,
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем.

Баурап тәтті қылығың, ән салды жанып,
Менің мөлдір тұнығым кәусар бұлағым.
Жайнап өскен жан гүлі, сенсің-ау жаным,
Қадамыңа ақ нұры, жаусын Алланың.


Комментировать