Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Күндер-ай

\\\"Күндер-ай\\\"

Әні Куат Шілдебаев
Өлеңін жазған Ибрагим Исаев

Жағатын жұлдыздарын, кайран күндер-ай,
Өмірдің қызығына тойған күндер-ай.
Жүректе сағыныш боп, ахау, сақталған,
Айналайын, ахау, сайран күндер-ай.

Болады тіршілікте көңіл әрқалай,
Адамды жетелейді сенімі алдамай.
Бақыттың қанатында, ахау, тербелген,
Айналайын, ахау, серік арман-ай.

Қалды ғой өткен күнмен әніміз талай,
Жабырқап жүдемесін жанымыз қалай?
Көңілді күлімдеген, ахау, арайлы,
Айналайын, ахау, сағыныштар-ай.

Әркінің клер күнге сенімі әрқалай,
Жүректе қимас күннің кәбі қалмады-ай.
Шырындай шаттығыңды, ахау, ағайын,
Абайсызда, ахау, төгіп алмағай.


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать