Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Бүлдірген

\"Бүлдірген\"

Ассалаумағалейкум, ағаларым
Бүлдірген.
Ақ жібекпен қайырған жағаларын
Бүлдірген.
Сіздерге арнап, ағайын, өлең айтсам
Бүлдірген.
Жаңылдыра сөзімді, бабаларым
Бүлдірген.

Қайырмасы:
Тауда өскен бүлдірген
Қырда өскен бүлдірген
Ағаларым болмаса,
Қадірімді кім білген?
Жаны жайсаң ағайын,
Қадіріңді кім білген?

Қарағайлы ендеше, қарағайлы,
Бүлдірген.
Қарағайды көп жылқы аралайды,
Бүлдірген.
Жақсы – жайсаң осындай бас қосқанда
Бүлдірген
Бекер қарап отырған жарамайды ,
Бүлдірген.


Комментировать