Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қаранғы түнде тау қалғып

Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,
Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.


Комментировать