Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Туған жер туралы толғау (Терме)

Мынау менің туып өскен жерім бе?
Мынау менің сан жүгірген белім бе?
Мынау менің алты арысты туысқан,
Аспаралы, асқаралы ау елім бе?

Мынау менің алты арысты туысқан,
Аспаралы, асқаралы ау елім бе?

***
Шынымен - ақ кеткенм беу шалықтап,
Жас балаша тұрмын ба әлде ау қалықтап.
Көз алдымнан мұнаралайды - ай ыстық жас,
Қарайыншы тағы да бір анықтап.

Көз алдымнан мұнаралайды - ай ыстық жас,
Қарайыншы тағы да бір анықтап.

***
Көрген сайын көңіл кірі аршылар,
Әркімнің - ақ туған жері ау бар шығар.
Бірақ маған сенсіз әлем тар шығар,
Сағынымшым ыстық жас боп тамшылар.

Бірақ маған сенсіз әлем тар шығар,
Сағынымшым ыстық жас боп тамшылар.

***
Туған жерім сағынышым сарғайған,
Құстай ұшып келем саған шалғайдан.
Жібек желің еркелетіп, елітіп,
Жылы леппен сүйіп жатыр маңдайдан.

Жібек желің еркелетіп, елітіп,
Жылы леппен сүйіп жатыр маңдайдан.

***
Жапырыла жасыл желек құрағың,
Жарқыныңмен сыңғырлайды ау бұлағың.
Қасиетіңнен айналайын туған жер,
Көк майсаңды құшақтай кеп құладым.

Қасиетіңнен айналдым ай туған жер
Көк майсаңды құшақтай кеп құладым.


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать