Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Туған жер

Туған жердің қар-мұзы ызғарыңмен жуындар,
Туған жердің бал қызы бұрымыңмен буындыр.
Туған жердің бұлағы толқыныңмен ат мені,
Туған жердің жыланы шырылдатып шақ мені.

Қайырмасы
Оу, туған жер жаннат береке,
Оу, думанды ел қандай көрікті ел.
Оу, туған жер жаннат береке,
Оу, думанды ел қандай көрікті ел.

Туған жердің шеңгелі тырнай алмай бетімді,
Туған жердің желдері аузыма құй өтімді.
Туған жердің қасқыры кемір ақын сүйегін,
Туған жердің тас-қыры сені осылай,сені осылай сүйемін.

Қайырмасы
Оу, туған жер жаннат береке,
Оу, думанды ел қандай көрікті ел.
Оу, туған жер жаннат береке,
Оу, думанды ел қандай көрікті ел.


Комментировать