Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Емі не...

Емі не...?

Ұйқысыз өткіздім түнді
Қамалып ішінде түрлі
Сұрақтың...
Мен сенің тұнық жаныңды
Түрлі-түрлі қылықтарыңды
Ұнаттым...

Ғашықтық дертіне малып
Жанымды жылатып алып
Жұбаттым...
Ұмытпай сені бірдемде
Көзімнің тамшысын жерге
Құлаттым...

Білмеймін бұл дерттің емі не?
Білмеймін сен мені сүйдің бе?
Жауабын таппай сұрақтың
Жанымды үнсіз жылаттым
Себепсіз сені ұнаттым
Жүрегіммен...

Тастан да оқыдым мұңды
Ләйлінің Мәжнүні сынды
Күйдемін...
Көздерімнің тамшы-тамшы жасын келіп сен
Сүртіп алшы
Сүйгенім...

Таппадым бұл дерттің емі не
Таппадым шығар жол еркіме
Көзімде сенің елесің
Түсіме менің енесің
Күлімдеп бір күн келесің
Білемін мен

Жауабын таппай сұрақтың
Жанымды үнсіз жылаттым
Себепсіз сені ұнаттым
Жүрегіммен...

Көзімде сенің елесің
Түсіме менің енесің
Күлімдеп бір күн келесің
Білемін мен


Комментировать