Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Мамырдың 25-інде

Шашына байлап бантигін
Үстіне киген фартугын
Есміде біздің сыныпта
Әдемі бір қыз бар тұғын
Үлгілі еді шынымен
Сабақта мүлде қалмайтын
Мен одан әттең ол бірақ
Кітаптан көзін алмайтын

Қайырмасы
Ұмытқан жоқпын ол қызды
Есімде әлі есімде
Ең алғаш вальс биледім
Мектеп бітіру кешінде
Ұмытқан жоқпын ол кезді
Есімде бәрі есімде
Соңғы рет вальс биледім
Мектеп бітіру кешінде
Мамырдың 25-інде

Естеліктері өткеннің
Жүректі мейлі өртесін
Абырой еді мектепте
Арқалау оның сөмкесін
Он бір жыл өтті зымырап
Алыстап кетті арамыз
Қайда жүр екен бұл күндер
Ақ бантик таққан қара қыз

Қайырмасы
Ұмытқан жоқпын ол қызды
Есімде әлі есімде
Ең алғаш вальс биледім
Мектеп бітіру кешінде
Ұмытқан жоқпын ол кезді
Есімде бәрі есімде
Соңғы рет вальс биледім
Мектеп бітіру кешінде
Мамырдың 25-інде


Комментировать