Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Ауа райы

Өткен шақта да, осы шақта да
Келер шақта да мен
Теліген күнге сенімен бірге
Күліп шаттанар ем
Тілегің сенің, жүрегің сенің
Шексіз аппақ әлем

[Қайырмасы]
Көңілімнің ауа-райы көктем
Және кеудемнің сол жағы
Маған маңызды емес болып кеткен
Синоптиктердің болжамы
Сұлу сенің ақылың мен санаң
Тал бойыңдағы әр нүктең
Көрген сайын қарайсың-ау маған
Микроскопиялық дәлдікпен

Сүйемін сені жылыттың мені
Салқында Күнімдей
Жай таппас жанға бір дауа барма
Жақын көңіліңдей
Сыңарым менің бұл шақ әлемнің
Алтын дәуіріндей


Комментировать