Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қуанышың көп болсын

Дархан көңілі жайнаған қазағым елім
Ақ пейілден жаралған жан бағың сенің
Әрбір таңың арайлап шаттық нұр шашып
Тек жақсылық төксінші аспанның көгі

Қайырмасы
Сендей ғажап думанды ел барма ғаламда
Туған мекен біз үшін артық бағаңда
Қуанышың көп болсын қуанышың көп болсын
Шырқалсын әнім көркем даламда

Қасиетті ұлы елім жарқын жайдарлы
Тарихыңа тәу етем тұнық қайнары
Көк байрағың биікке тұрсын желбіреп
Бұзылмасын бірліктің мәңгі қаймағы

Қайырмасы
Сендей ғажап думанды ел барма ғаламда
Туған мекен біз үшін артық бағаңда
Қуанышың көп болсын қуанышың көп болсын
Шырқалсын әнім көркем даламда


Комментировать