Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Айна көл

\"Айна көл\"

Айдын көлім, ақ көлім, айна көлім
Көк жағаңды жасымнан жайлап едім
Бүгін барсам орныңды-ау таба алам ба
Айна көлім, айдыным қайда менің

Қайырмасы:
Ахау, ахау
Айна көлім, айдыным қайда менің
Ахау, ахау
Айна көлім, айдыным қайда менің

Айдыныңнан аққулар кеткені ме
Қаз-үйректер қона алмай өткені ме
Кім байлады бағыңды айтшы маған
Арман қайғың жүрекке жетпеді ме

Қайырмасы:
Ахау, ахау
Арман қайғың жүрекке жетпеді ме
Ахау, ахау
Арман қайғың жүрекке жетпеді ме

Тоғайында адасқан қызыл елік
Жаутаңдайды жабырқап мені көріп
Толқымадың қайтейін кетейін бе
Жүрегімнің тамшысын саған беріп

Қайырмасы:
Ахау, ахау
Жүрегімнің тамшысын саған беріп
Ахау, ахау
Жүрегімнің тамшысын саған беріп
Айна көлім, айдыным қайда менің


Комментировать