Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Құстар қайтқанда (ft. Әлия Әбікен)

Алыстағы сыңарым
Аспандағы шырағым
Қырға біткен қызғалдақ
Шыңға біткен шынарым
Сезім бе екен біздегі
Үмітімді үзбеді
Сағыныштан сарғайдым
Жапырақтай күздегі


[Қайырмасы]
Құстар қайтқанда
Сені ойладым жаным асылым
Құстар қайтқанда
Саған сәлем айттым жасырын


Жанарыңмен тіл қатып
Жан сырымды тыңдатып
Күнді көру бір бақыт
Бірге болу шын бақыт
Таң атады арайлап
Күн батады сені ойлап
Хабарыңды күтемін
Құс жолына қарайлап


[Қайырмасы]
Құстар қайтқанда
Сені ойладым жаным асылым
Құстар қайтқанда
Саған сәлем айттым жасырын


Комментировать