Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Менің Төренұрым

Үміт еткен көзіңнің нұры балам
Бұл әніме Ыбырайдың жырын алам
Ат ұстап келіп едім құбыладан
Нұр болып түсіп қалдың-ау шұғыладан

Қайырмасы
Айналайын ұлым,
Менің Төренұрым
Өзіңменен мақтанса екен шіркін нұр далам
Балам, балам, балам бала қайда маған
Атаң көрмей тұрған кезде иіскеп,иіскеп алам
Атаң көрмей тұрған кезде иіскеп,иіскеп алам

Нар кескендей болып шығады ау нарестемнен
Нар кескен болып шығады-ау белестерге
Құлыным аман болсаң осы әнімді
Дуэт болып айтамыз сен өскенде

Комментировать