Вход Регистрация

Закрыть

Текст песни Қарындасым-ай

Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?

Әдемісің күннен де – шашылған арай!
Сабыр етіп тұрамын қасыңда қалай?
Жүрек кілтін әніммен табайын десем,
Қарындасым, қабағың ашылмаған-ай?!

Қ-сы: Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?

Мына бес күн жалғанда: – сен, деп өтем-ай.
Сен қаласаң інімді жеңгелетем-ай.
Келмесе де алдыңа күткен адамың,
Ол түсірген көңілді мен көтерем-ай!

Қ-сы: Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?

Таппай жүрсең жаныңа жанашыр адам,
Ұртым толы жыртылмас жағасы болам
Бір қуанып қалайын үміт оятып,
Күлмесең де, жымиып қарашы маған.

Қ-сы: Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?


Комментировать